30.05.2022
  253


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Теріс өзені туралы

Таразда бір өзен бар теріс аққан,
Бүл күнде теріс мінез кімге жаққан
Адамға өзгеше әсер қалдырады,
Алғашқы жолаушылап келе жатқан,
Ол неге елден ерек теріс аққан.
Маған қызық көрінді өзен сыры,
Өзге емес басқа жерден сай мен қыры,
Мүмкін әлде дұға оқып, аққан суды.
Кейін қарай қайтарған көптің бірі,
Бір керемет бұл жердің бар ғой сыры.
Адамдай ұлы көштен қалып қойған,
Бас қатты соны ойлаумен терең ойдан.
Бар өзен бір бағытпен ақса дағы,
Құдайым, өз еркіне неге қойған.
Жатырсың қайран өзен теріс ағып,
Жатса болды халыққа суың жағып,
Болады әр нәрсенің терістігі.
Отырғым жоқ өзіңе кінә тағып,
Жатырсың, қайран өзен теріс ағып.





Пікір жазу