30.05.2022
  147


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

О, поэзия!

О, Поэзия!
Кеселіңе шалықтап,
Жүрмін бүгін жыр елінде қалықтап,
Бірде жүрсің өткір сынмен салып қап.
Бірде жүрсің аласұртып, еріксіз,
Шапшып турған шабытымды алып қап.
О, Поэзия!
Жалынды жыр жаздырып,
Көңілімнің көктеміне кей кезде,
Шуағы мол, жадыраған жаз кіріп.
Бала сәби менің мұңсыз көңілім,
Өзіңменен келе жатыр қаз тұрып.
О, Поэзия!
Сырын ұққан сезімнің,
Қуанған да, қайғырған да кезім мың.
Сезіміммен арпалысып ақ таңға,
Сенің отты жырың туып, көз ілдім.
О, Поэзия!
Падишасы сезімнің.





Пікір жазу