30.05.2022
135
Көңілдің кейбір сәттері
Биік пе, әлде, пәс пе жұрттан шоқтығым,
Жадыраған жаздай көңіл жоқ бүгін.
Арманымның қос қанаты байланып,
Қапалықпен өтіп жатыр көп күнім.
Өмір күрес, жүрмін мен де күресіп,
Көңіл шіркін бірде жер боп, бір есіп.
Ақ арманым қаламын ба адасып,
Жетегіңде жүруші едім ілесіп.