30.05.2022
136
Сөз құдіреті
Құдіреттің падишасы сөз деген,
Ойын айтар іркілместен, көздеген.
Ой да жүйрік, құс аулаған лашындай,
Бүкіл ғалам қалмағандай кезбеген.
Кейде ой туар, таңдай болып, жаңа атқан,
Өн бойыңа, кейде жылу таратқан.
Кейбір ойдан, өзім кейде түңілем,
Құдіретің қандай күшті, жаратқан.
Сырлы кеуде кейде кетер, атқақтап,
Кейде мұңын айтып жатар тақпақтап.
Сол кеуденің мінсіз таза беттерін,
Сұрықсыз ой кейде кетер, сатпақтап.
Бұл дүниенің түп сырына үңілем,
Бір тұңғиық іздейтіндей түбінен.
Бірін қостап қуансам да, бірінен,
Жаным қалмай жиренемін, түңілем.