30.05.2022
114
Өмір-өзен
Қас-қағым сәт, бір мезет,
Өтер-кетер бұл жалған.
Бізге де келер бір кезек,
фәнилік болып кім қалған.
Айту да парыз, өсиет,
Орындау оны – ұлылық.
Адамдық – жалғыз қасиет,
Жаратқан құдай құлы қып.
Бұл жалған қамшы сабындай,
Ыстық қып қойған құдайым.
Кетсе де кейде бағынбай,
Серт еттім, ерше шыдайын.
Жұмбақтың түпкі жайын аш,
Ұрпақтан-ұрпақ жолдаса.
Тірілер тегі байымас,
Өлілер риза болмаса.