30.05.2022
  132


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Досты аңсау

Оранып Алатаудың құшағына,
Қызғалдағын ұсынған көктем еді.
Қиялмен көк аспанда ұшамын ба,
Ақ жауын нөсерлетіп өткен еді.
Өзіңмен алғаш рет кездескенде,
Сыр шерттім арадағы достық жайлы.
Бір дегеннен достықты сезбес пенде,
Бір-бірін түсінбеген дос болмайды.
Мен қызықтым өзіңнің өнеріңе,
Бақыт қонған жансыз ғой айдан анық.
Жол беррме сол өнердің сөнеріне,
Жүрсең де өнер үшін қайда барып.
Мен жүрмін бір арманның соңына еріп,
Тірі адам, тіршілікте арманы кеп.
Орнаса жүрегіме бақыт келіп,
Өтер ем бар жақсыны жырға белеп.
Өзіңе шалғай жүріп тілектеспін,
Нұр жаусын, еңбегіңе талаптанған.
Әрбір сағат, әр уақыт тек өтпесін,
Қамшының сабындай ғой мына жалған.





Пікір жазу