30.05.2022
114
Дос туралы
Ақынсың досым,
Көмейден жырың төгілген,
Ерке боп өсіп, еліңді ойлап егілген.
Бұл өмір тартыс,
Жеңіп шық, досым жеңіп шық,
Еркекпін деме, жеңілсең мына өмірден.
Қымбатсың маған,
Мен келдім сені сағынып,
Жүре бер досым, алғыстан алқа тағынып.
Кезінде жүрдік бозбала болып, қағынып,
Бірақ-та көрген емес ек жұртқа жағынып.
Шешуін таппай жүрмін ғой мен де жұмбақтың,
Сырымды мен де жандарға талай тыңдаттым.
Мен жайлы ойың білмеймін нендей екенін,
Бірақ та досым, бәрінен маған қымбатсың.