30.05.2022
140
Мұң
Мұң, мұң, тағы мұң,
Құшақтап жалғыздық сағымын.
Ағытып мәңгіге, мәңгіге,
Жүректің жыр-шумақ ағынын.
Сағындым алып тау қойнауын,
Өйткені тауда өскен тағымын.
Тау тірегім,
Мен онсыз жүре алман.
Тау қалай құралса,
Мен солай құралғам.
Мақсатым биікке ұмтылу,
Биіктен көріну бір арман.
Арманға жетуге ұмтылып,
Жүрекке тұңғиық мұң тұнып.
Жүрегім өртеніп ішімде,
Сезімім ішімде тұншығып.
Мұң тұман соңында сейілер,
Жүректің түбінен күн шығып.