30.05.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Нысапсызды қойсаң қызмет басына...

Нысапсызды қойсаң қызмет басына,
Жан адамды жуытпайды қасына.
Жүйке тозған кәрі адамдай, бақырып
Қарамайды-ау жиырмадағы жасына.
Не жетеді күндей күліп жүргенге
Және солай дос қадірін білгенге.
Қызметі көзге елеусіз болса да,
Дандайсынып кетеді екен бұл пенде.
Қызметің емес қой ол мәңгілік,
Атар мүмкін әлі талай таң күліп.
Ауыр сөзің досыңа айтып жекірген,
Кетпей қойды кекейімде жаңғырып.
Мен өзіңе бірақ қапа болмаймын,
Маған тіпті қатысы жоқ ол жайдың.
Ренжіткен жан досыңды, көзімше,
Мен –меншілсің, мен осылай болжаймын.
Мінезі ғой-деді күліп жолдасың,
Ондай жанды тәңір өзі қолдасын.
Кімді аяйды-деген ойға тірелдім,
Көп алдында аямаған жолдасын.
Жақсысың ба, жамансың ба, өзіңе!
Жүрек мұздап кеткен айтқан сөзіңе.
(ізімшілдік апармайды ұзаққа,
Сырттан емес, айтам тура көзіңе.
Қасың төніп қабағыңа бұл күнде,
Ғайып болды-ау сыңғырлаған күлкің де.
Сені тастап көкке ұшып кеткен бе,
Адамшылық қасиетің бір күнде.





Пікір жазу