30.05.2022
  106


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жан-жарыма

Төтеп берген өмір атты тасқынға,
Бақыттымын,
Сен бағымды аштың ба?!
Дәлелдедім сенің арқаң шығар-ау,
Ел басқара алатынын жастың да.
Жүрдім талай,
Сергелдең боп, сенделіп,
Бағымды аштың, сен келіп,
Мұңайғанда сенің шипа сөзіңнен,
Кететін ем, емделіп.
Кеше бала, бүгін болдым басқа адам,
Сенен таптым,
Таппағанды басқадан.
Сапарымды өмір атты жалғанға,
Сен аттаған босағадан бастағам.
Үстем еткен,
Мейірімді бағымды.
Шаңырақтың,
Піріде, өзің жағымды.
Алынбаған асуым көп алдымда,
О, Қудайым,
Баянды еткін бағымды.
Арман-ай!
Жоқты жоқ қып,
Береді барға құдай.
Беретін, ақ-қараны ажыратып
Шыныменен,
Аспанда бар ма қүдай?!
Құдай бар.
Сенде сенім жоқ, қарағым!
Сезімді, сеніміңді ноқталадың.
Қылмыскер жасап жатыр қылмыстарын,
Білсе де түбінде бір сотталарын
Өмірдің ажыратып ақ-қарасын,
Көрдім мен бақ таласын тақ таласын.
Сақтансаң сақтай алар көк тәңірі,
Жөр басып жүрмін, құдай сақтағасын.
Сен неге «Мықтымын» -деп мақтанасың.





Пікір жазу