30.05.2022
  106


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Әлібиге

Тұңғиық тұман, жол тартып келем,
Айнала түтеп барады.
Білмеймін неге, мұңаям неден,
Жақсылық болса жарады.
Жақсылық емес ол деген мұң ғой,
Жүректі өртеп, аһ ұрып.
Мазалап мені еріксіз түнгі ой,
Қайғы-мұң тұрады шақырып.
Әліби, сенің молаңды көрдім,
Таразға алғаш оралып.
Бұйырсын саған жаннатың төрі,
Шапағат нұры таралып.
Жүрегі нәзік періште едің,
Кеттің ғой келмөс сапарға.
Кеткенің тастап не істегенің,
Қасірет мұнша батар ма?
Шыдадым әзер молаңды керіп,
Егіліп ішкі дүнием.
Жүруші ең күліп, ағаңа еріп,
Соны аңсап, бүгін күйінем.
Көре алмай қалып, арманда,
Мөңгілік кеттің сенбеймін.
Кеттің ғой сыймай жалғанға,
Жүректі қалай емдеймін.
Өзіңде еді бар үміт,
Жеңнің сүйген ұлы едің.
Тынысы сенсіз тарылып,
Қасырет басқан жүрегін.
Сап көңіл қайран сап көңіл
Ештеңе жоқ қой мәңгілік.
Болады қашан жақсы емір,
Жүрмейміз мәңгі сән құрып.





Пікір жазу