30.05.2022
  116


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір өлең

Деуші еді Әкем: «Сенім артар мақтаным»!
Қинамадым өзім үшін жат жанын.
Қайда барсам, көңілімде бір кірбің,
Жүрегімнің ем-дауасын таппадым.
Қажыдым-ау, «сенім жүгін», арқалап,
Көңіл шері енді қашан тарқамақ.
Алла маған даңғыл жолды жазбапты,
Жолым қия, барар жерім жар-қабақ..
Өмір үшін арпалысып, өсем деп,
Ойым оңып, қашан тілім төселмек.
«Адам» емес «Нарға» айналып кетем бе?!
Жұмысымның бағытыммен көшем деп.
Тау тағысын, асырайтын-аяғы,
Үміт қайда, арман қайда баяғы.
Туған жерден бұйырмапты, жалған-ай,
Қой қайырар қойшының да таяғы.





Пікір жазу