Күз
Күз келді міне,
Құстар да қайтып барады.
Биікте самғап қоштасу әнін салады.
Көктемде келген отанын тастап, тырналар,
Алыста қалғаң еліне жылай қарады.
Құстарға жазған,
Тәлкегі шығар тағдырдың.
Бұл ұшін, құсты,
Жазғырмадың, не жазғырдың.
Тұрақты мекен,
Аяулы отан жазбаған.
Тағдыр-ау неге,
Тәлкекке салып азғырдың.
Інісі қыстың,
Күз мезгіл сондай ашушаң
Жел тұрып қатты,
Жалықты бұлт та қашудан.
Қабағын жауып,
Бұлтты аспан күркіреп.
Қап-қара бұлт,
Жауын боп құйды тасыған.
Сілкінеді құстары кеткен ну орман,
Жапырақ түсіп,
Ну орман байқұс қуарған.
Күздің сыйы осы деп маған берілген,
Ну тоғай мүлгіп,
Болып-ақ тұр жыларман.
Жаны дархан жан азайып барады,
Ақырзаман болғаны ма расында.
Жақсы екен ғой О, тоба,
Қиялыңа қанат жалғар,
Көңілі ізгі жандар болса қасыңда.
Менің дархан жүрегімді түсінетін,
Жан болса,
Тіке шауып, найзағайлы жасынға.
ІІІаттанар ем расында.
Біле алмадым,
Еш нәрсеге көңілім бір толмайды.
Жаны нәзік болдым екен неліктен,
Түсіндіру қиын екен ол жайлы
Жүрегінде ізгі сезім бар адам,
Жанарыңа қарап қана,
Қандай адам екендігін болжайды.
Неге жаным, дүниеге симай жүр.
Қайғырамын, ойланамын сол жайлы.
Көйлекте көк, тамақ та тоқ.
Жеткілікті барлығы.
Бірақ мені қиналтады мына өмірдің тарлығы.
Жалған өмір, адам үшін қуаныш.
Екі болмас бір алланың бұйрық еткен жарлығы,
Сондықтан да жас көңілім,
Бір арнаға сыймайды.
Өзіңіздей дархан жандар кездессе,
бақыт тілеп жамандыққа қимайды.
бұл фәнидің жалғандығын түсініп,
Жүрек сорлы мұң жылауын тыймайды.
Сондықтан да жас жүрегім бір арнаға сыймайды.
Сізді көрсем, мен әрине шаттанам,
Мен емеспін,
Жүрегім ғой өзіңізді мақтаған.
Бет жүзіңе жылтырайды көп адам,
Ондай қылық, әрине әпке, жат маған.
Шын көңілден өзіңізге ризамын,
Сіз арусыз,
Ізгілікті жүрегіне сақтаған.
Өзіңіздей әпкесі бар мен пақыр,
Өмір бойы үлгі тұтып мақтанам.
Сурап жатпай себебінің мән жайын.
Түсінесіз әр адамның жағдайын.
Басыңызға бақыт қонып, бақ дарып,
Қорғаушыңыз алла болсын әр дайым.
Артық нәрсе бар ма екен тілектен,
Ақ тілегім осы шыққан жүректен.
Шын көңілден жыр шумағын тізбелеп,
Менің үнсіз жүрегім де дір еткен.
Жаны сұлу жандардайсыз,
Жүзіңізге қарасам.
Әпкелікке деп екенсіз,
Інілікке жарасам.
Тамшыдан көбейіп бір туады ағын,
Жүрекке жыр төгілсе, қуанамын.
Жауын жауса жүрекке тұнып қалған,
Қайғы-мұңды толассыз жуады ағын.
Мен сізді көрген кезде қуанамын,
Сезбейсіз ғой қуаныш, шаттығымды.
Білдірмеңіз жан әпке жаттығымды,
Інім деп мені жақын тұтпасаңыз.
Жоғалтып аламыз біз тәтті ұғымды,
Ағыттым жүректегі сырды шертіп.
Өмір жыры жүргенде жанды кертіп,
Жанарыңыз күлімдеп қарағанда.
Еріксіз жіберді ғой жанды ерітіп,
Оқимын көзіңізден жүрек сырын.
Байқағанмын бұл сәтті бұдан бұрын,
Әр сезіне тоқталып, сыр сезімнің.
Тыңдаңызшы ден қойып кеңіл жырын,
Мұқағали ақын да жабыққанда.
Фаризаға айтқан ғой ішкі сырын,
Ай туғанда егіліп арман қайғым.
Сізбен еткен шақтарды армандаймын,
Айлы түнде сыр айтқан сөзіңізден.
Өмірлік қуат алып қалғандаймын,
Жабыққанда сол кезді армандаймын.
Жандардың түсінемін жүректерін,
Сезе аламын жүректің дір еткенін.
Інілік сезімнің ұшқыны ғой,
Әзіңізді осылай жыр еткенім.
Жыр етемін өзіме ұнағанды,
Жек керемін біреуді сынағанды.
Әр адамның басында қайғысы бар,
Жұбатқым кеп кетеді жылағанды.
Көрінгенмен кеукиіп дара тұлғам,
Жаны нәзікжан болып жаратылғам.
Көңілді сырлар шертсе қуанып бір,
Жүректен серпіледі қара тұман.
Жан емеспін жанарға жас үйетін
Түсінемін ақ жүрек қасиетін.
Әпке жан, ешқашан да ұмытпаңыз,
Ініңіз бар сезімге бас иетін.
Сіздей ару жандарды қадірлейтін,
Бас иетін, бар менің қасиетім.