30.05.2022
147
Дос туралы
Ақ жүректі жансың ғой қайран досым,
Сендей жолдас табылмас қайдан болсын.
Барлық жанның қайғысын түсінесің,
Маған қатты ұнайды міне осың.
Көріп жүрмін өмірде талай жанды,
Әлде өзім жан ба едім қызу қанды.
Бүгін көре танысып ертең алдап,
Жүрген жандар кеп екен жанын жалдап.
Інім не деп кетті деп таң қалмағын,
Расында мен өзіңе таң қаламын.
Сенімі жоқ жүз доспен сені қойса,
Өзің болар едің ғой таңдағаным.
Ақ жүректі жан болсаң жүзің нұрлы,
Кпіі қой жандар досым-ау неше түрлі,
Жаны дарқан бір ару кездеседі,
Сендей асыл жігітке сегіз қырлы.
Өткен іске қапа болма жолдасым,
Махаббаттың періштесі қолдасын.
Сенің ғашық жүрегіңді түсінбеген жандардың,
Махаббатта мәңгі жолы болмасын.