30.05.2022
103
Болат Әбішұлына
Күн едің, көктен нұрын құйып тұрған,
Өзгеден, көш ілгері биік тұрған.
Білімнің ордасында елес болып,
Қасқайып көрінеді, биік тұлғаң.
Жарқырап, шоқ жұлдыздай, жарық таңың,
Ғылымның биігінде шарықтадың.
Білімнің теңізінде құлаш сермеп,
Ағажан өзің барда тарықпадым.
Сөздерің мағыналы, астарлы еді,
Соңыңда, қалды аңырап жастар легі.
Биікте қанат жайған ақ арманың,
Әлі де ұлы жолға бастар ма еді?!
Суық хабар жанымды, түршіктіріп,
Тосылып тұрып қалдым, ыршып тұрып.
Өзіңді пір тұтатын қауымыңды,
Кеттің-ау ащы жасқа, тұншықтырып.
Марқайып, ішімізден, мақтан қылып,
Қуанып, деп жүргенде «Ақталды үміт».
Бармақ тістеп, өкініп қала бердік,
Қимай-қимай, келмеске аттандырып.