30.05.2022
  138


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Менің атым

Кірпік ілмей ақ таңға,
Тағдыр тезі ауыр жүгін артқанда,
– Егер құдай бала берсе айбынды,
Ұмытайын көптен жүрген қайғымды.
– Депті – әкем Яссауидің әруағына сыйынып,
Ақ қырандай көктен түскен құйылып,
Мұхамед Әл Абдул Садыр атансын,
Бұл да маған қатал сын.
Көк тәңірі қабыл алғай үнімді,
Ұл бере гөр сезімтал да, білімді.
Ата-баба әруағы мен періштелер дем берген, Жігер күші,
Бойға симай сенделген,
Архитектор болыпты өткен ғасырда,
Ұшан теңіз шеберлікті меңгерген,
Күні түні еңбек етіп, еселі,
Шеберліктен қайтпапты тек меселі.
Керемет, – деп таңдай қаққан төс елі.
Яссауидің ғимаратын кезінде,
Сол тұрғызған деседі.
Түркістанға зиянат қып барғанда,
Көкжиекті күн иектеп қалғанда,
Тамашалап кесенені сәулетті,
Әкем үнсіз тәуба етті.
Ұлым – деді мұңданып,
Осы сәулет ғимаратты салдырған,
Еңбегімен даңқты атын қалдырған,
Бүкіл қауым басын иген сөзіне,
Құрлысшының атын қойдым өзіңе...
Пенделіктен адамдығын асырған,
Тәлім алғын, өткен ұлы ғасырдан,
Адам болғай жарқыным,
Кісілікке, кішілікке бас ұрған,
Бірде күліп,
Жанарынан бірде мөлдір жас тамған, Ұлы адамдар,
Түспеген ғой аспаннан.
Болашаққа апаратын даңғыл жол
Тек алғашқы қадамдардан басталған.
Ақ тілекті берді құдай сұраған,
Мен құрлысшы болғаным жоқ,
Тек бір іспен шектелмейді ұлы адам.
Ақын болдым, ақын болдым бірақ та,
Сиқыр сөзден, сұлу өлең құраған.





Пікір жазу