30.05.2022
  259


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Анаға арнау

Барған сайын құшақтап қарсы аласың,
Қиын екен қалжырап шаршағасын.
Көңіл шіркін бір сергіп қалады екен,
Құшақ жайып анашың қарсы алғасын.
Өтті ғой бұл өмірден қаншама ағым,
Сонда да ана жүрек шаршамағын.
Бұл өмірді сыйлаған сәбиіңе,
Анашым сенің арқаң, жанса бағым.
Қимай-қимай қоштасам кетерімде,
Жолға шығам, тағзым етемін де.
Мен ризамын тағдырға, о жалған-ай,
Жүре берсем мәңгілік жетегіңде.
Жан анашым ешқашан шаршамағын
Жанға батад қалжырап, шаршағаның.
Маған қымбат ауылға барғанымда,
«Келші ұлым» – деп құшақтап, қарсы алғаның.





Пікір жазу