Ахмед Яссауиге
О, баба,
Мен алдыңа келіп тұрмын,
Жоғары, қасиетіңмен еліктірдің.
Қабылдарсың ұлыңды, сеніп тұрмын,
Зиянат қып, бас иіп, келіп тұрмын.
Періштемін демеймін жұрттан асқан,
Өнер, білім іздендім тума жастан.
Зиянат қып өзіңнен алып келген,
Көп құдірет аламын «тұмар тастан».
Шыңдарға талпынамын, болмай тыным,
Жан бар ма өмір гүлі солмайтұғын.
«Таяқ ұстап барғанда, тай мінгізген»,
Құдіретіңе бас идім, қолдайтұғын.
Қолымыз жетті бақытқа,
Егеменді болдық ел
Шет жерде жүрген қазағым,
Туған жер байтақ, елге кел!
Бостандықтың куәсі,
Нұр төгіп, күн тұр елжіреп.
Бостандықтың белгісі,
Көгімде ту тұр желбіреп.
Егеменді ел болғанда,
Төнбесін бұлты азаптың.
Баянды болсын бақыты,
Көңілі дархан қазақтың!
Ер жетуге асығып,
Арман қуып,
Аққанатты сезімге жалғанды үміт.
Түсіндім өмір сырын, болмашыға,
Бұл адамды қойыпты алдандырып.
Егілем, еңсем түсіп ес білгелі,
Қилы екен, бүл өмірдің кескіндері.
Өмірдің баспалдағын басып келем,
Тәй басып тұсауымды кестіргелі.
Жаңа бүршік жарғандай жаңа сезім,
Қайда кеттің,
О, менің бала кезім.
Қайда кеттің,
Қызғалдақ қызыл гүлім,
Мөлдіреп тұрушы еді қара көзің.