30.05.2022
  84


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ұлылыққа табыну

Асыл баба күмбезі мұнартады,
Құрыш жүрек сезімге мұң артады.
Гаухар нұрын себелеп алтын күн де,
Кең далаға сүйсіне құмартады.
Ұлыға мұзбалақ та табынады,
Түркі елінің Яссауи саңылағы.
Жаны дархан ұлылар аздың-азы,
Ал қаніпезер қашан да табылады,
Ұлыға мұзбалақ та табынады.
Жерде аяғы,
Көкірегі көкті ұрып,
Азияны қызыл қанға бөктіріп.
Аямаған сәбиді де жаңа келген емірге,
Хан қол басшы сонау Ақсақ Темір де.
Яссауидің ұлылығын мойындап,
Ғашық бопты мына жалған емірге.
Адасқанын кеш түсініп,
Өмір атты жалғанда.
Мәз болыпты-ау,
Қан ағызып адам жанын алғанға.
Барша елді алаулаған отқа орап,
Ерлік пе екен бейбіт елге ойран-асыр салған да.
Отырыпты ұзақ түндер,
Иссауидің еңбегінен нәр алып.
«Не тындырдым» деп сұрапты өзінен,
Осынау күн адам болып жаралып.
Ерлік деппін кінәсіздің нақақ қанын төккенді,
Керегі не қаніпезер боп өктемді.
Боранды қар болыппын ғой қап әттең,
Мұзға ораған, гүл жайнаған көктемді.
Келешекке мұра етер іс қылып,
Ұмытайын бір жолата өткенді.
Депті дағы жыйып алып халықты.
Мәңгі мұра етерлік,
Яссаудің ғимаратын салыпты.
Сол ғимарат еңбегімен Темірдің,
Сан ғасырлық мұра болып қалыпты.
Ұлы адамның ұлылығын мойындау да бір ерлік,
шынын айтсақ сонау Ақсақ Темірдің,
Қай ары бар жерді басып жүрерлік,
Яссауидің бір еңбегін тауысып,
Екінші бір еңбегімен қауышып,
Отырыпты ұзақ таңды аттырып,
Және солай алтын күнді ұясына баттырып,
Яссауидің бар еңбегін тауысар шақ болғанда,
Кеудесіне бар ізгілік толғанда,
Жауыздығын біржолата жасырып,
Сиыныпты, Яссауйдің қабіріне бас ұрып.





Пікір жазу