30.05.2022
  101


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Оянар келді кезің

Естен кетпес халқымның күрсінгені,
Жас жүрегім соны ойлап дүрсілдеді.
Кей ездер туған жерді отқа салса,
Адамның қайнамай ма іште кегі?!
Қазақта жүрек те бар, ақыл да бар,
Кез келді бар ізгілік мақұлданар.
Өткенді таразылап, ойды жинап,
Үш Жүздің кезі келді жақын болар.
Мағжанның «Оян қазақ» деген сөзі,
Айтылған батқаннан соң өмір тезі.
Бірлігі, тірлігі бір ел болайық,
Кеш болса да, оянар келді кезің.





Пікір жазу