20-да жасым
20-да жасым,
Жастықтың самал желі ескен,
Айтсам мен расын,
Кешегі бала емес пе ем.
Балалық дәурен кетті ғой менен алыстап,
Қүрбылар қалды өзіммен бірге тең өскен.
Арманым саған,
Жетуге келем асығып,
Жігерім тасып, әлсіздігімді жасырып.
Әлі де жайнап келеді жанып жас үміт,
Арманым саған жетуге келем асығып.
Жетем деп саған,
Талпынып биік шыңдарға,
Бұл жалған менің мұңымды сірә тыңдар ма.
Құм болған мына жігерді қайта шыңдарға,
Арманым, айтшы өзіңнен биік шың бар ма?!
20-да жасым
Есейіп кеттім дей алман,
Айтайын расын,
Арылмай жүрмін қиялдан.
Арманым көп қой, демесін жүрттар мен жайлы,
Осының бәрі ішіне қалай сыя алған.
20-да жасым,
Өмірді жаңа түсінген,
Болсам да жалын,
Өмірді жеңер күшім кем.
Көкейде қапты,
Мен мұны бұрын түсінгем,
Күресем мәңгі,
Арманым, Өзің үшін мен.