30.05.2022
  83


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Күз

Ұйытқып жел де, қорғансыз талды аймалап,
Жапырақ кілем, жауыпты жерді жаймалап.
Түнерген туман жер бетін, басып тұмшалап,
Тырсылдап жауын жауып тұр көктен майдалап.
Жалаңаш болып, жел шайқап таудың бақтары,
Мазасыз күйде, аршалы таудың шатқалы.
Үркері ауып, шолпаны көкке шаншылып,
Шықтанып дала, бозарып атар ақ таңы.
Аунаған айды, түнерген түпсіз, түнді де,
Ақ таңға теліп, барады ауып сүмбіле.
Амалсыз атқан ақ таңды күтіп, үздіге,
Сары-ала тонын жайып-ап жатыр, күз міне.
Шыңырау шыңдар, қиялы жондар, қатпарлы,
Алатау жатыр жамылып алып ақ қарды.
Жөңкіліп көшкен ақша бұлт тауға асылып,
Есер жел есіп, кезіп жүр жалаң бақтарды.
Сіресіп жатқан таудағы алып мүздақтай,
Бір сәтке дала сазарып қапты міз бақпай.
Бір топ шіл үркіп үшады беттен-беттерге,
Қалған-ау тегі күз жақпай.





Пікір жазу