30.05.2022
  202


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қалай жуған

– Жудың ба сен бетіңді?
– Мана жуғам секілді.
– Мойының мен құлағың,
Кірлеу ме, әлде, шырағым?
– Жудым,-деді тағы да,
Жудым,—деді сабындап!
– Қолыңды ше?
– Қолымды...
Ұмытыппын онымды.





Пікір жазу