30.05.2022
  134


Автор: Бекен Әбдіразақов

Кей футболшы

Алдындағы асын да
Тастай қашар доп десең,
Көп баланың басында
Сенбейді ешкім жоқ десем.
Сұрасаң сен «Қайраттың»
Қай орында екенін,
Бұлбұл құстай сайрап тұр,
Керек емес жетегің.
Әттең, оның мәні не,
«Футболшының» көбінде,
«Ана тілі» пәнінен
Қос-қос ұпай кемінде.





Пікір жазу