30.05.2022
119
Айжанның әңгімесі
Балалары ауылдың,
Бір күні үйге келді ғой.
Ең тәттісін қауынның,
Ағай жарып берді ғой.
– Бұлар «үлкен мейманның»
Кіп-кішкентай достары,
Мен қалайша бейғаммын,–
Деп жеңгесі қостады.
Тәттілерді не түрлі,
Үйіп салын тастады.
Туған күнім секілді,
Бәрі сөзді бастады.
– Алматының алмасы,
Әңгелектей бола ма?
– Тауды жазда қар басып
Бұлттар үйге қона ма?
– Өзің Сәбит атама,
Қол ап сәлем бердің бе?
– Қар ерімей жата ма?
– Медеуді де көрдің бе?
Жаудырды-ай кеп сұрақты,
Маған бәрі күлкілі.
Сөзім қатты ұнапты,
Тыңдауға бар күні-түні.
Алматыма мақтандым,
Қосып айттым сұраққа.
Жылауға өзім шақ қалдым,
Кетер кезде, бірақта...