30.05.2022
133
Таңертең
Әдетінше бұрыңғы
Айжан бүгін кеш тұрды.
Масахана құрулы,
Көре алмады ешкімді.
Не болғанын түсінбей,
Тысқа шықты киініп.
Әжесі бау ішінде,
Отыр ұршық иіріп.
Қозы–лақтар түндегі,
Өзі көрген баланың,
Қайда екенін білмеді,
Шуы да жоқ қаланың.
Әжесінен сұраса,
Кетіп қапты ертелеп.
Айжанға ұсап тым аса,
Жатпайды екен еркелеп.