30.05.2022
177
Көктем
Көктем – қызғалдақ,
Көктем – көбелек.
Еңбек қызған шақ,
Жаңбыр себелеп.
Көктен алтын күн,
Жерге нұр кұйды.
Сумен алтын күн,
Қалқып сырғиды.
Көктем жақсы екен,
Құстар сайрайды.
Мен де бақша егем,
Аулам жайнайды!