30.05.2022
  1631


...Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге

  «...Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жаз


 


Өз заманында замандастарына, шәкірттеріне, одан бері бүгінгі замандағы ұрпақтарына дейін айтқан әрбір асыл сөзі «кітап» болып қалған, қазақтың санасын жаңғыртып, ілім-білімге халқының көкірек көзін ашқан дана


Абайдың аталмыш аталы сөзімен әлем таныған Шекспирдің «Кітап маған тақтан да қымбат», - деген ойы, Баустың «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» ,- деген пікірлері үндес келетіндей. Әлем мойындаған, дүние жүзі таныған ұлы тұлғалардың кітапты кез келген құндылықтан жоғары қоюларының да өзіндік себептері бар іспетті. Задында, адамзат баласының бүкіл саналы ғұмырында қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім


қазынасы болса, адам мен білімнің арасындағы алтын көпір – кітап. Абайдың артық ғылымды кітаптан іздеуі де, өзінің орыс ақындарының, батыс


ақындарының кітаптарын жалықпай, күн-түн демей ерінбей оқып, кейінгіге білім мен ғылымды кітаптан іздеуді өсиет етуі де – осыдан. Адамның жан


азығы, рухани байлықтың өзегі бола білген кітаптың бүгінгі таңдағы маңызының қандайлық екені де, бүгінгі қоғамдағы кітап оқуға деген


сұраныстың бар-жоқтығы да адамзат баласын алаңдатуы тиіс мәселе деп санаймын. Олай болса, осы сұрақтың жауабын өзім іздеп көрейін.


 


Кітап оқу, білім іздеу игілігі – адамзат баласына берілген бүкіл игіліктердің ең ұлысы. Бүгінгі қазақ қоғамында кітап оқуға деген сұраныс деңгейі көңіл қуантарлық емес. Оның да өзіндік себептері, жастардың, азаматтардың кітап оқымауға әсер ететін факторлары бар.


Біріншіден, ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Қазіргі заманда сөрелерде


кітаптардың шаң басып тұруына септігін тигізетін – түрлі смартфондар мен гаджеттерді құшақтаған ел жастарының әлеуметтік желілерге жіпсіз


байлануы. Өзгенің өміріне қызығып, түрлі фильмдер мен ойындардың қызығына кірген жандар өздерінің бір орында отырып қалайша әлеуметтік желіге сансыз сағаттарын жоғалтып қойғандарын білмей қалып жатады.


Екіншіден, қазақта «тәрбие – тал бесіктен» -деген жақсы сөз бар. Бүгінде тек жасөспірімдер ғана емес, мектеп оқушыларының да басым бөлігі кітап,


көркем әдебиет оқулықтарын оқуға аса ден қоймайды. Оны біз оқушылардың өз ойларын анық әрі нақты жеткізе алмауларынан ақ байқаймыз. Мектеп


базасындағы пәндерден бөлек кітап оқылмайтын босла, біз сенім артып отырған, ел сенім артып отырған білімпаз, «елдің болашағы» саналған ұрпақ қайдан шықпақ? Сол себепті де, баланың жастайынан кітап оқуға ынтасын


ашу – маңызды дүние. Ата-анасы кітап оқымаса, ағаәпке кітап оқымаса, ортасы кітап оқымайтын болса, кітап оқитын баланы қайдан табамыз?


Үшіншіден, кітап оқымаудың кері әсері – жастардың тіл жұтаңдығынан,


сөзге жоқтығынан, ортада пікір білдіруге қысылуларынан байқалып жатады. Осындай кедергілердің алдын алу үшін икітап оқуды «сәнге»


айналдыруымыз қажет. Кітап – адам бойына ең асыл қазынаны, ең құнды байлықты жинап беретіндіктен де, кітап оқуға деген сұранысты арттыруға


күш салуымыз керек. Ол үшін мектеп оқушыларына пән сабақтарынан бөлек әдеби кітаптарды толықтай оқып келуді міндеттеу қажет деп ойлаймын.


Қорытындылай келе, Абайдың ХІХ ғасырда айтып кеткен, артық ғылымды бойына жинаған рухани құндылық – кітап болса, кітап оқу, ой-өрісімізді


кеңейтіп, жүйелі сөз сөйлей білу – біздің, жастарымыздың міндеті.





Пікір жазу