30.05.2022
  100


Автор: Бекен Әбдіразақов

Тәмпи мен коньки

Байлады да конькиін,
Мұға шықты Тәмпиің.
Тәмпи енді бүгіліп,
Алға ұмтыла бергенде,
Коньки кетті жүгіріп,
Жақсы досын көргендей
Бір қойғандай арқадан,
Тәмпи түсті шалқадан.
Құлатқанмен Тәмпиді,
Аяғынан конькиі
Қашын кетпей, бірақта
Дегендей-ақ жылап па,
Қарап қапты шалқиып,
Аң–таң болын аңқиып.
Мейлі қатты құласын,
Тәмпи неге жыласып!
Жөндеп алып конькиді,
Енді иілмей,
Шалқиды.
Ұят жоқ па конькиде,
Бас берместен Тәмпиге,
Тағы да ұрт жүгірді,
Тәмпи тағы жығылды.
Әр жаққа бір басы ауған
Жүгіретін конькиін,
Бас білмейтін асаудан
Кем көрмеді Томпиің.
Жігіттерше ол-дағы,
Асауына болмады.
Сөйте-сөйте Тәмпиің,
Бас білдірді конькиін.





Пікір жазу