30.05.2022
  2247


Әлихан Бөкейханов – ұлт жанашыры

Әлихан Бөкейханов –қазақ халқының маңдайына біткен біртуар перзенті, жарық жұлдызы, әйгілі Алашорданың кезінде ұлтқа, жұртқа, Отанға, тілге қалтықсыз қызмет еткен сом тұлға. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан өзі айтқан сөзін іс жүзінде дәлелдеп, туған Отанының алдындағы азаматтық борышын артығымен орындады. Отаны үшін отқа қақталып, суға да түскен Алаштың асыл перзентінің қайраткерлік тұлғасы хақында сөз қозғап көрейін.


Үркердей шоғырланған азаматтардың басы-қасында болған Қыр баласы Әлихан Бөкейханның қаймана қазақ халқының бағын ашуға қосқан үлесі өлшеусіз. Себебі, ол тоталитарлық жүйенің қыспағымен жанкешті түрде күресті. Халқының қамын, елінің ертеңін ойлаған ел ағасының ұлты үшін туған азамат екені шүбәсіз. Ол 1906 жылдың 8 қаңтарында Тұзқала кентіне таяу маңда тұтқындалып, 4 ай түрмеде азап шеккені мәлім. Сол уақытта Тұрағұл Абайұлы бастаған бірқатар достары оны қашырмақ болады. Елінен, жерінен жырақ кетуді жөн көрмеген Әлихан: «Керегі мен болсам,


қашпаймын, абақтыда бір кісі жатқаны жұрт қор болғаннан ыңғайлы», - деп тіл қатқан екен. Бұл – ұлтын шексіз сүйген ұлы перзенттің сертті сөзі. Міне, біз ел ағасының осы бір сөзінен барша ел тұтқаларының айбынын көреміз.


Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметпен айналысқанын жақсы білеміз. Ол отаршыл патша үкіметінің саясатына қарсы күресті. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамында да бой көрсетіп жүрген пайдакүнемдік, болыстыққа бола талан-таражға түсетін жағымсыз көріністерді де аяусыз


сынайды.


Әлихан Бөкейханның қайраткерлік тұлғасын анық танытқан тағы бір оқиға


– 1905 жылы Мәскеу қаласында өткен Ресей земствосы және қала


қайраткерлерінің съезіне қатысып, сөз сөйлеуі. Съезде қоғам қайраткері жоғары мінберден қазақ халқының тарихында тұңғыш рет туған халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдады. Қайраткер өз сөзінде қазақ халқының дін, тіл, сайлау бостандығы жөнінде өз сөйлейді. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхан: Мен қырғыз (қазақ) ұлтының өкілі саналамын... Бізде қазақ тілінде оқытатын мектептер қуғынға ұшырауда... Шаруалар бастығы ( көбісі бұрынғы ротмистрлер) істі қазақ тілінде қарауға рұқсат етпейді...». Алаштың аяулы


азаматының аталмыш сөзінен қайраткердің халқының алдындағы перзенттік рухы, ұлттық намысы ғана бой көрсетіп қоймай, қазақ балалары оқыса, білсе, көрсе деген тілекпен бірге тілге деген құрметтің, қазақ тіліне деген асқан


махаббаттың үлгісін көреміз. Ұлт көсемінің бұл пікірінен халық жанашырының бір ғана мектептің қуғынға ұшыратылғанына алаңдағанын немесе құжаттардың қазақ тілінде қаралмайтынына налығанын емес, тіліміздің мүддесінің төмендеп бара жатқаны – ұлтымыздың мүддесінің төмендеп бара жатқанына жанының ауырғанын байқаймыз. Ұлт көсемі туған халқының, туған тілінің абыройының асқақтап, беделінің биіктеуі үшін, қазақ деген жеке дара республика болады деп ұлттық автономия құруының


арқасында қазақ халқының азамат-азаматшаларының бойына намыс отын


жақты. Дербес мемлекет болуға ұмтылып, қуғын-сүргін де көрді. Тәуелсіздік жолында өмірімен өтем жасады. Міне, нағыз ұлт қайраткерінің бейнесі осындай болмақ керек емес пе?


Қорытындылай келе, Әлихан Бөкейхан миллиондаған халықты «Алаш» қозғалысы идеясының төңірегінде топтастырды, өз төңірегіндегі қазақтың зиялы қауымын Отанды сүюге, Отанды қастерлеп, құрметтеуге, өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды. Әлихан Бөкейханның «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін», - деген өмірлік ұстанымы шынымен жүзеге асты. Расында да ұлт қайраткері өмірінің соңына дейін


қазақ халқының тәуелсіздігі, бас бостандығы үшін арпалысып, ұлт үшін от кешкен. Әлихан Бөкейханның қайраткерлік тұлғасы, адамдық келбеті,


ұлттық мүдде жолындағы ұлт азаматының бейнесі бүгінгі қазақ қоғамындағы көптеген ұрпақтарына үлгі. Себебі, Әлихандай азаматтарымыз көбейсе, біз көбейеміз, Әлиханның жолын жалғайтын ұрпақ көп болса, біз ұлтымызбен мәңгі жасайтынымыз сөзсіз.


 





Пікір жазу