30.05.2022
121
Киев
Теңізге осы құйылған,
Днепр атты өзенмен,
Желкенді керіп,
жиылған,
Ерліктің жолын кезем мен.
Днепр,
Қайран Днепр,
Жырлаған ұлы Тарасым.
Акын да
Шолып, міне тұр,
Киевтей батыр қаласын.
Днепр – ерлік өткелі,
Талай мың боздақ жан қиған.
Шежіре мұнда көп тегі,
Сопы айтып
Мұңлы қалқиди ән.
Ардақта, балам, Киевті,
Бұл қала неше күйіпті,
Түсірмей бірақ иықты,
Күшін де үнсіз жиыпты.
Днепр менен Киевім,
Үлгі алар, балам, биігін.