30.05.2022
129
Ленинград
Ұмытпа, балам, кеудеңде
Жүрегің соғып тұрғанда,
Ленннградқа өр кеуде,
Тағзым ет мың–мың құрбанға.
Ерліктің ерен ерлігін,
Көрсетті тарлық туғанда,
Елдіктің мықты елдігін
Көрсетті аштық буғанда.
Бір тілім нанды қақ бөліп,
Көтеріп тұрмыс азабын,
Қаруын ұстап жатты өліп,
Суытпай еңбек қазанын.
Тоғыз жүз тәулік тік тұрып,
Қайыспай ажал қысқанда,
Революция күшін ұқтырып,
Имеді басын дұшпанға.
Жаттап ал, балам, жадыңа,
Таняның соңғы сөздерін.
Күн туса сондай тағы да,
Сен де ойла қамын өзгенің.
Ұмытпа, балам, кеудеңде,
Жүрегің соғып тұрғанда.
Ленинградқа өр кеуде,
Тағзым ет,
Мың–мың құрбанға.
Қадірле, Марс даласып,
Қадірле, Ленин қаласын.