30.05.2022
101

Жеті қаһарман жыры
I
Ұмытпа, балам, кешегі,
Жауынгер күнін Отанның.
Ұмытпа, балам, кешегі,
Жауынгер күнін атаңның.
Тізесін алып ол сені,
Отырар еді-ау шалықтап.
Көтеріп тастап еңсені,
Көңлі кұстай қалықтап.
Төнгенде фашист еліне,
Отанның ұлы болды атаң.
Қайтейін, туған жеріне
Оралмай қалды Волгадан.
Атағдай жанын қиган ер,
Мың–мыңдап, балам, саналар.
Солдатын – ұлын туған ел,
Ұмытпай мәңгі аялар.
Оққа ұшпай,
Отқа күймеген
Бітпестен демі ақырғы,
Күл болып,
Басын имеген,
Жырлайын жеті батырды.