30.05.2022
  125


Автор: Бекен Әбдіразақов

Менің жұлдызым

– Мама, кайда туғансың?
– Сыр бойында, құлыным.
– Папа, қайда туғансың?
– Мен Арыстың ұлымын.
– Ал, мен қайдан келгемін?
– Сен жұлдыздан келгенсің.
– Енді неге жердемін?
– Жерде жарық сөнбесін,
Деп жіберген баланы,
Міне, содан жердесің –
Қызым күліп қарады,
Жұлдызға ұқсап жанары.





Пікір жазу