30.05.2022
108
Жол қараушы
Түкірік түспей ақпанда,
Мұртына көк мұз қатқанда,
Шыжыған шаңқа шілде де,
Тұманды лайсың түнде де,
Осы адам тыным тапқан ба?
Арқалап балға, күрегін,
Ту етіп адал тілегін.
Жол тілеп жұртқа мыңдаған,
Көңілі бір сәт тынбаған,
Шырақ қып жағып жүрегін!
Ұзақ жол тартқан тап саған,
Қамқоршы болған басқадан,
Фонарын ұстап қолына,
Адамның өмір жолына,
Бізде көп мұндай жақсы адам.