30.05.2022
112
Бір жолдасқа
– Жартысын алшы жанымның,
Назырқансаң тіпті бердім бүтінін,-
Деп әр қызға жалындың,
Жүрегіңнің айтқан болып үкімін.
Сол рольді бүгін де
Шебер ойнап тұрсың сұлу қасында
Ойла, жолдас!
Түбінде
Өмір керек!
Өзіңде де қалсын да!