30.05.2022
  122


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қош, Жайық!

Қош, Жайық!
Қимай тұрмын! Ұмытпаспын!
Төсіңде еркелетіп, тұнықты аштың.
Ойнадым толқыныңмен құрдасымдай,
Жағаға итерсе де ұрып тасқын.
Қонғанда жарқабақты сағалап түн,
Ағыспен қиялды ұзақ жағалаттым.
Естідім өр қазақтың өлеңдерін,
Дыбысын дүбірлеген тағалы аттың.
Тыңдадым Жайық әнін құлақ түріп,
Пернесін жас көңілдің бұрап тұрып.
Ұзаттым баржаларды толқын тілген,
Көз ұшын көкжиекке ылақтырып...





Пікір жазу