30.05.2022
  105


Автор: Бекен Әбдіразақов

Желдің күні

Алқынып, демігіп, дөңбекшіп жата алмай,
Көпірді көк теңіз, бұрқанды атандай.
Толқындар өшіккен иттердей таласып,
Соғады бір-бірін көздерін шала ашып.
Дүрліккен дүние, естіп болмайсың,
О, жұртым, қарашы қайсысын қорғайсың?
Аспанмен жөңкілген бұлттар да тоқталып,
Атылды найзадай ашумен оқталып.
Долданып, егесіп есірді көк теңіз,
Теңіз ғой, тентек қой, мінезін сөкпеңіз!





Пікір жазу