30.05.2022
  117


Автор: Бекен Әбдіразақов

Өмір деген бе?

Өмір деген немене,
Замыраған күн бе ол?
Күлімсіреп келеме,
Көктемдегі гүлде ол.
Әлде бұлт па аспанда,
Желмен бірге көшетін, –
Десем, – от па жас жанға,
Мұнар түссе өшетін.
Өмір, өмір, нұр өмір,
Жер үстінде дейсің сен.
Қызыққанға бұл өмір
Өріс мүлде дейсің сен.
Арысымның шаңында,
Өмір жыры бар дейсің.
Кеші менен таңында,
Соның нұры бар дейсің!
Сол өмірді күзеткен
Сақшы болдың, бауырым!
Тақырыма гүл еккен,
Жақсы болдың, бауырым!





Пікір жазу