30.05.2022
  97


Автор: Бекен Әбдіразақов

Көгершіндер

Жібек қанат көгершіндер,
Көгершіндер Москвалық!
Шаттық нұрын себесіңдер,
Күлімдейді тас қуанып.
Жалын шашқан Қызыл алаң,
Апай төсін құшасыңдар.
Қызығыңды бұза ма адам,
Еркін самғап ұшасыңдар!
Канатыңмен құшып жүрсең.
Москвам да жайдары ғой.
Сен төбемде ұшып жүрсең,
Жоламайды-ау қайдағы ой!





Пікір жазу