30.05.2022
  93


Автор: Бекен Әбдіразақов

Індегі сардаланың саршұнағы...

Індегі сардаланың саршұнағы,
Бірде алға, бірде кейін тартынады.
Көктегі қарақұстан қорқып бейбақ,
Қапаста демігеді, алқынады.
Қорқақтың күні құрсын жалтақтаған,
Үрейлі қуыс болып жалпақ далаң.
Менде де кездессе егер осы мінез,
Бермеңдер ер киетін қалпақ маған!





Пікір жазу