30.05.2022
  89


Автор: Бекен Әбдіразақов

Сейдіғалиға

Алатаудың асқарын қызықтадық біз талай,
Асқақ қиял сабағын үзіп те алдық біз талай.
Алтын нұрға шомылған араладық бақшаны,
Ай ажарлы гүл іздеп, іздемедік басқаны.
Тыныштығын жүректің бұзып та алдық біз талай,
Махаббаттың деміне қызып қалдық біз талай.
Бұлағындай көктемнің күле берді жүрегің,
Жалтақтамай соңынан жүре берді жүрегің.
Ел қарады жымиып, мен қарадым шаттанып,
Мұрат атты биікке сен барасың аттанып.
Тыныштығын жүректің бұзған қандай жақсы еді,
Махаббаттың деміне қызған қандай жақсы еді!





Пікір жазу