30.05.2022
  174


Автор: Бекен Әбдіразақов

Сен туған күн

Сен туған күн... неткен сырлы Алматымда
қар жатыр,
Сен туган түн неткен нұрлы Алатауда ай
жатыр.
Ақ күмісті жер үстіне жалатқандай
сен үшін...
Алтын айды шың басына жаратқандай
мен үшін...
Бұ дүниенің мынау шалқар шаттығына
мас болып.
Мен келемін кешіріңдер, жанарыма жас толып.
Сенің жомарт дастарханың бүгін алыс болса да,
Жүрегімнің қалқып барып қонар жері сол шама!
Құрбыларың жұлдыздардай күлімдесе қасыңда
Отырсың-ау айға ұсап,
сонау шыңның басында!
Мен келемін қуанышты қолтықтасып айменен,
Мынау сұлу дүниеден шарап ішіп жайменен.
Сен туған күн... неткен әсем Алматымда
қар жатыр,
Сен туған түн неткен нұрлы Алатауда
ай жатыр.
Ақ күмісті жер үстіне жалатқандай
сен үшін,
Алтын айды шың басына жаратқандай
мен үшін.





Пікір жазу