30.05.2022
  17102


Ұ.Есдәулетовтің «Біз-түркілерміз» өлеңіндегі ұлтжандылықты талдап жаз

Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз – түркілерміз!


 


Ұлықбек Есдәулетов – қазақ поэзиясының кемелдену, толысу кезеңінде сахнаға шыққан қаламы қарымды, лирикасы патриоттық жырларға толы ерен тұлға. Т. Медетбек айтқандай, «Ұлықбек Есдәулетов – үнемі ізденіс үстінде жүретін бұл ақын өлеңдері бүгінде бұрынғыдан да ауқымын кеңейтіп, бұрынғыдан да тереңдей түсті. Оның өлеңдері енді қазіргі қазақ поэзиясының принципті сәттіліктері мен перспективті тенденцияларына арналған еңбектерде сөз бола алатындай деңгейге көтерілді дей аламыз. Оның образды ойлау жүйесі бүгінде кең ауқымдағы, кейде бүкіладамзаттық, кейде тұрмыстық характерлердегі ассоцияларды қамти алатын қабілетке ие. Бұл сөз жоқ, ақын масштабының кеңдігін, оның толысып өскендігін көрсетсе керек».


 


Ұлықбек Есдәулетовтің шығармашылығының дені патриоттық жырларға, түркілік сарынға негізделіп жазылған отты жырлар. Олай болса, «Біз- түркілерміз» өлеңі арқылы бейнеленген ұлтжандылық» туралы сөз қозғап көрейік.


 


Біз – түркілерміз!


 


Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,


 


Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, - деген өлең жолдарынан ақынның ұлттық, асқақ рухын, ұлтжандылық келбетін анық байқай аламыз. Ақын түркілердің көк аспандай жарқылдап, күркірерін, көк бұлттай сілкінерін айтып, асқақ айбат шегеді.





Пікір жазу