30.05.2022
  4177


Абайдың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деген өлең жолдарын бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңыз

 


Абай шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі –


«Сегіз аяқ» өлеңі. Аталмыш өлеңде «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» - деген жолдарды келтіру арқылы ақын еңбектің,


адалдықтың маңызын асқақ етіп көрсетеді. Бүгінгі таңда тамағы тоқ, жұмысы жоқ жандардың айналысар бір ермегі – пара, жемқорлық деп санаймын. Олай болса, осы мәселе төңірегінде ойымды өрбітіп көрейін.


Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Алайда тез таралып, тез жұғатын эпидемиялық індет сияқты. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз


әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер


төндіретін қауіпті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол


 


үшін аталған дерттің өршіп кетпеуіне бір кісідей атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.


 


Тамағыңның тоқтығының, жұмысыңның жоқтығының кесір-әсері тиетін тағы бір фактор – парақорлық. Пара - адамды еңбек етпей, тер төкпей арам жолмен оп-оңай олжаға батырады. Еңбексіз, бейнетсіз жан қиналмай келіп жатқан дүние, мүлік, ақша адамды арамтамаққа айналдырып, оның жұмыс істеу қабілетін жояды, ой-өресін тарылтып, адалдықтың ақ жолынан адастырады. Абай атамыз айтқандай: «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген азғындық жолға түсіреді.


 


Тағы бір айта кететін жәйт, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтықтың кесірі нашақорлыққа да әкеліп соқтыруы мүмкін. Бос уақыты көп адам ылғи жаңа нәрсеге дағдылауға бейім келеді. Ал, нашақорлық кез келген адамды оп-оңай уысына түсіре алатын ауыр індет. Хакім Абайдың аталмыш һсиет сөзі ұрпаққа бекер айтылып, бекер ескертілмеген. Расында да, тамақтың тоқтығы, жұмыстың жоқтығы, жатыпішер жалқаулықтың кері әсері міндетті түрде адамдарға тиеді.


 


Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлы айтқан «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» - деген жолдардағы азғындыққа түспес үшін күпірлігімізді емес, шүкірлігімізді арттырып, жалқаулықты емес, еңбекқорлықты серік етіп, болашаққа нық қадамдар жасауымыз қажет!





Пікір жазу