30.05.2022
  20854


Т.Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңінде көтерілген мәселенің ғаламдық деңгейдегі өзектілігін дәлелдеп жаз

 


Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар дарынды ақындарымыздың бірегейі Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы тың тақырыптарды қозғаған лирикалық туындыларының болуымен ерекшеленеді. Ақынның


шығармашылық лабороториясындағы сондай ерекше туындылардың бірі –


«Бауырлар» өлеңі. Бұл туынды 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайына орайлас жазылған туынды. Ақынның бұл өлеңінде ғаламдық деңгейдегі өзектілігі өте жоғары тақырып қозғалған. Сол туралы сөз қозғайын.


Ақынның аталмыш туындысы қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы қалған ақын-жазушылар Оразақын Асқар, Қабдеш Жұмаділов, Смағұл Елубай


сынды біртуар тұлғалардың шығармаларымен үндес, тақырыптас болып келеді. Себебі, Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі атажұрт


тақырыбын арқау өткен көлемді лирикалық туынды. Бұл шығармалар дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен қазақ халқын атамекенге шақыруымен, қазақ халқының тұтастығын, бірлігін насихаттауымен құнды. Ал бұның өзі – ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің жемісі деп білеміз.


Сонымен, Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» туындысында қозғалған, ғаламдық деңгейдегі өзекті тақырып – Кеңес Одағы кезінде, соғыс


жылдарында туған жерінен, туған Отанынан ауып, өзге елге асып кеткен қандас бауырларымызды өз Отанына шақырады. Кеңестік Республика кезінде, қазақтың басына қара бұлт үйірілген шақтарда қазақ жерінен


талайлаған бауырларымыздың шет ел асып кеткені тарихтан белгілі. Тұманбай ақын тағдыр тауқыметін кешіп ТМД, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан және басқа да елдерде жүрген қандастарымызды атажұртқа былай шақырады:


Менің жерім мына жер – сенің жерің, Жарасып тұр сол жерге келулерің.


Осы алқапта сенің де малың жатыр, Жайқалып тұр шабылмай егіндерің, – деген жолдары арқылы қандас бауырларын атамекенге шақырады, оларға


деген сағынышын, ыстық лебізін осы туындысымен білдіреді. Ақын өлеңінде


«менің көлім мына көл – сенің көлің», «менің тауым мына тау – сенің тауың» деп өлең арқылы шет ел асқан бауырларымызға тәуелсіз ел болғанымызды меңзеп, «өз елімізге оралыңдар, өзге елде сұлтан болғанша, өз елімізді ұлтан болыңдар» - деген идея тастайтындай.


Қорытындылай келе, Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі – қазақ әдебиетіндегі, қазақ поэзиясындағы ең елеулі тақырыпты лайықты түрде қозғай алған, оқырманына жеткізе алған туынды. Ақынның негізгі ойы бәріміз бір кісідей жұмылсақ, барымызды бағалап, жоғымызды түгендей түсеміз деген идеяға саяды.





Пікір жазу