30.05.2022
  1633


С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз

 


Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тың туындылардың авторы, қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі болған жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері. Сәкен


Сейфуллиннің қайраткерлігіне бір арнадан қарап баға беруге әсте болмайды. Себебі Сәкен Сейфуллин әдебиеттің түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен, поэзияда да, поэмада да, роман жанрында да өзіндік із-өрнегін қалдырған


алып тұлға. Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық галереясындағы ең маңызды орын алатын туындылары – лирикалық туындылар. Сәкен


Сейфуллиннің лирикалық туындылары арасында ерекше танылатыны – «Сыр сандық өлеңі». Бұл туынды 1926 жылы жарық көрген, алғашында ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған. Аталмыш туындыда адамдар


арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен, ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды.


Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Осы орайда, «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерді ақын қалай бейнелейді?» - деген


сұрақтың жауабын тауып көрейік.


Біріншіден, ақын бұл өлеңінде досқа тән ең басты қасиеттердің бірі – сенім турасында сөз қозғайды. Екеуара достықтағы кіршікісіз сенім, бір-біріне сыр ақтару деген сияқты дүниелерді ақын өлеңіндегі мына тармақтардан байқай аламыз:


Бір-біріне сыр ақтарып,


Сыр түйінін түйіскен. Әр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған.


Сол қойманың бір түкпірін, Достың досы-ақ ақтарған.


 


Екіншіден, ақын бұл туындысында достасуға тұрмайтын жандардың мінез- құлықтарын, харекеттерін ұтымды бейнелеп береді. Ол жайында ақын былай дейді:


 


Досыңмын деп ант береді, Жем іздеген жанама.


Жем таусылса жалт береді, Сенерлік дос, санама.


Өлеңде жаныңды түсіне білетін шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар» қарсы қойылған.


Қорытындылай келе, Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытьш, жаңа мұмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды.


 





Пікір жазу