Ерте-ақ тұрған жігіт ем ырыс қайда?
Ерте-ақ тұрған жігіт ем ырыс қайда?
Таппағасын шекем де тырыспай ма?
Әлде жұрттар болісіп тұн жарымда,
Таң алдында ұрыдай тыныстай ма?
Мен туған соң тіршілік тарылған ба,
Ақ тұйенің қарыны жарылғанда
Итке тастар қан-жын да тимей жұр ғой,
Маған ғана қағынып қағынғанда!
Қапалықпен күнде мен бас қатырам,
Әрең жұтып кей-кейде ас батырам.
Тілегімді беретін көрінбейді
Жастанып мен жатсам да баста Құран.
Бір жастыққа басымды салғанменен,
Енді жұрек лұпілі жалған дер ем,
Татулық жоқ бәрібір құрбандыққа
Ақ биені ақ ұйде шалғанменен!
Тұнгі асты таңертең жьшытқандай,
Борі орнына итті өкеп ұлытқандай.
Боямалап тіршілік кешкенменен,
Елуден соң жанады ұміт қандай?
Зарыққан бостандық та тиді қолға,
Алдымда – құтты жатқан сыйлы жол ма?!
Көңілімде – күдік деген соқыр тұман,
Өзені тағдырымның құйды ма оңға!