30.05.2022
236
Елуіңіз – ердің жасы десем де...
Елуіңіз – ердің жасы десем де,
Білем ғұмыр қой жасындай қалғанын.
Ұлан-асыр енді мейрам көшемде
Дүрілдемес, қайтем үміт жалғанын!
Байқағанда бес белестің басына,
Алақанға салғандай ғой бар ізім.
Қарап тұрып, мен желкемді қасынам,
Су жұқпастай бермей кеткен қарызын...