30.05.2022
  184


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қосжан Мүсіреповке

Арманда кеткен қос-ағам,
Тойыңа келдім мен бүгін.
Әлпештеп алтын босағаң,
Көрсетіп жатыр елдігін!
Арысың анау – мөп-мөлдір,
Тұнығын біздер сімірген.
Туған жер мынау – төккен нұр,
Шаңдатып келіп жүгірген!
Алыста қалған армандар
Арыста қайта оралып.
Бақытын құшып жанған бар
Ғұмыры ұзақ жол алып!
Сағынды сені – Бөржарың,
Аңсады сені – Бірлігің,
Зарыққан балаң, өз жарың.
Шалқитын жаның күн бүгін!
Арманда кеткен Қос-ағам,
Мен ұқтым дүние кеңдігін!
Ардақтап алтын босағаң,
Ортада жүрсің сен бүгін!





Пікір жазу